×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Дүрбелең болған Оңтүстік Кореяда 30 мың қазақ жүр: оларды билік елге қайтара ма

Бүгін, 13:10
Дүрбелең болған Оңтүстік Кореяда 30 мың қазақ жүр: оларды билік елге қайтара ма
gov.kz

Бұл сұрақ бүгін Мәжіліс кулуарында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлібек Бақаевтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 30 мыңы азаматы жүр. Заңсыз жүргендер де бар. Грузиямен визасыз режим болғаннан кейін онда қанша азамат жүргені белгісіз. Қазақстан билігі азаматтарды қайтару үшін әзірге ол елдерге арнайы борт жіберуді жоспарлап отырған жоқ.

– Елшіліктеріміз шет мемлекеттердегі азаматтарымызбен әрқашан байланыста. Оңтүстік Кореядағы жағдайды айтып отырсыз ғой, жалпы менің білуімше, қазір негізгі саяси мәселе шешімін тауып отыр. Біздің сыртқы саясатымыз үшінші мемлекеттердің ішкі саясатына  ешқашан араласпау, ешқандай баға бермеу қағидатына бағынады. Басты мақсатымыз –  Кореяда тұратын азаматтарымызды қорғау. Санына келетін болсақ,  бүгінгі таңда екі арада визасыз режим орнатылған.  Сондықтан 30 мыңнан астам азаматымыз бар деген статистика бар. Бірақ кейбір кезде біздің  Кореядағы азаматтарымыз ішкі  көші-қон заңын бұзып жүр. Заңсыз деуге де болады. 30 күндік виза мерзімі аяқталса да шықпай қалып қойып жатады», - дейді Бақаев.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

Кеше кешке Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеді. Ол мұны елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және конституциялық тәртіпке нұқсан келтіретін «мемлекетке қарсы күштермен» күресуге бағытталған шара деп түсіндірді. Осыдан кейін елде дүрбелең басталып, президентке қарсы наразылық шаралары жүріп жатты. Елде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі ел азаматтарына үндеу жолдады.

ГРУЗИЯ

Грузия астанасында наразылық білдірушілер мен полиция бірнеше күн қатарынан қақтығысып, үкіметтің Еуропалық Одақпен келіссөздерді тоқтату туралы шешіміне жауап ретіндегі наразылықтар жаппай елге таралу белгілері байқала бастаған. 3,7 миллион тұрғыны бар елде бірнеше ай бойы «Грузин арманы» партиясы мен қарсыластары арасында шиленіс күшейіп, қарсыластар билік партиясын авторитарлық, антиеуропалық және проресейлик саясат жүргізуде деп айыптады. Дағдарыс бейсенбі күні үкіметтің ЕО-мен келіссөздерді төрт жылға тоқтататыны туралы хабарлағаннан кейін ушығып кетті