Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ён Хён Ел президенті Юн Сок елде соғыс жағдайын жариялап, оның күшін бірнеше сағаттан кейін Парламент жойғаннан кейін азаматтардан кешірім сұрап, мемлекет басшысына отставкаға кету туралы өтініш бергенін мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Рёнхап басылымына сілтеме жасап.
– Ұлттық қорғаныс министрі ретінде мен жауапкершілікті толық мойындаймын және халықты мазаланғанына себеп болғаныма өкінемін, – деді ол.
Оңтүстік Корея президенті 3 желтоқсанда елде әскери жағдайды енгізіп, мұны "Солтүстік Кореяға қарсы мемлекетке қарсы күштерді" жою қажеттілігімен түсіндірген. Мемлекет басшысының айыптаулары Парламенттегі көпшілікке тиесілі оппозициялық демократиялық партияға қарсы болды.
Кейінірек Ұлттық ассамблея аумағына әскери арнайы күштер кіріп, сол жерде баррикадалар сала бастады. Осыған қарамастан, 190 депутат Парламент ғимаратына кірді, олар шұғыл отырыс өткізіп, соғыс жағдайын жоюға дауыс берді. Осыдан кейін әскерилер парламент ғимаратынан кетті.
ҚР СІМ НЕ ДЕЙДІ
Дүрбелең болған Оңтүстік Кореяда 30 мың қазақ жүр: оларды билік елге қайтара ма? Бұл сұрақты бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа қойған. Әлібек Бақаевтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 30 мыңы азаматы жүр. Заңсыз жүргендер де бар. Грузиямен визасыз режим болғаннан кейін онда қанша азамат жүргені белгісіз. Қазақстан билігі азаматтарды қайтару үшін әзірге ол елдерге арнайы борт жіберуді жоспарлап отырған жоқ.