×
529.99
546.63
5.21
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.99
546.63
5.21

Жетісу облысында білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Жетісу облысында білім бөлімінің басшысы қамауға алынды
Фото: Ескелді ауданының білім бөлімі

Жетісу облысы Ескелді ауданы білім бөлімінің басшысы Мұрат Бектұров қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Мұрат Бектұров 2024 жылдың қараша айында ұсталған. Бұл туралы ақпарат Instagram желісінде тараған. Мәліметтерге сәйкес, Ескелді ауданы білім бөлімінің басшысы ұсталғаннан кейін оны бірден қызметінен шеттеткен. Қазіргі таңда бұл лауазымды мекеменің бас маманы уақытша атқарып отыр.

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Stan.kz тілшісі Жетісу облысы білім басқармасы басшының орынбасары Әли Солтанбековке хабарласқан. Оның айтуынша, Мұрат Бектұров қамауға алынғаны туралы басшылық тек Instagram желісінен білген. Артынша оны жұмысынан уақытша шеттеткен.

ҚАШАН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ?

Мен, Мұрат Мұхтарұлының жұмыста болуы, болмауын туралы тексеруге өзім жеке бардым. Ол кісі жұмыс орнында болған жоқ. Ол кісінің жұмыста болмағаны туралы акт толтырдық. Ешқандай байланысқа шықпады, телефон нөмірі қосулы болды, бірақ байланысқа шықпады. Тура солай мен үш күн қатарынан Ескелді ауданына бардым, үш күн қатарынан акт жасадым. Үш күнге дейін ешқандай ақпарат ала алған жоқпыз, төртінші күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке арнайы сұрау-хат жібердік. Сол кезде ол кісі соттың шешімімен ұсталып, қамалғанын естідік, –  дейді Әли Солтанбеков.

Айта кетейік, Бектұров бұл қызметті 5 жыл көлемінде атқарған. Оған дейін 2014-2019 жылдары Ескелді ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болған. 2019 жылдан бері аудан көлемінде білім саласында біраз шу көтерілген де болатын. Бұл іс бойынша Жетісу облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті ресми жауап бермеген.

Алайда тараған ақпарат бойынша, Мұрат Бектұров 2 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталып отыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін «Каспий» ФК-ның экс-басшысы 27 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.