×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Пермь университетіндегі атыс: бес адам қаза тапты

20.09.2021, 12:56
Фото: Ашық дереккөздерден

Ресейдегі Пермь мемлекеттік университетінің жетінші корпусында белгісіз адам қарумен оқ атты. Соңғы мәлімет бойынша, атыс салдарынан 10 адам зардап шегіп, 5 адам қаза болды. Бұл туралы ulysmedia.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің ішкі істер министрлігі қарудан оқ атқан адамның ұсталғанын растады. Оқтан қашқан студенттердің кейбірі оқу орнындағы аудиторияларда бой тасаласа, кейбірі терезеден секіріп кеткен.

Аталған жоғары оқу орнының дерегінше, травматикалық қарумен оқ атқан адам құрықталды. Оқиға орнында болған құтқару тобынан әзірге басқа ақпарат жоқ.

Бұл оқиға бойынша екі және одан көп адамды өлтіруге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстарын орталық аппарат комитеті жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары