×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

«Бұлай боларын күтпедік» – Ақтауда өзін өртеген жігіттің әріптестері кешірім сұрады

07.12.2024, 17:42
«Бұлай боларын күтпедік» – Ақтауда өзін өртеген жігіттің әріптестері кешірім сұрады
Видео кадры

Өзін-өзі өртеп жіберген азаматпен бірге жұмыс істеген әріптестері болған жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Видео Instagram желісіндегі Ақтаудағы қоғамдық парақшалардың бірінде пайда болды.

Бейнеүндеуден ұққанымыз, әкімдікке бірнеше адам арызданған. Серіктестік қызметкерлері айтқандай, олардың өтініштерін аудан әкімі тыңдамаған. Олар да «ҚазМұнайГазға» жұмысқа тұруға өтініш білдірген.

Сол күні, яғни 5 желтоқсанда олар облыс әкімдігінің шенеуніктеріне Астанадағы жоғары тұрған органдарға шағымданатынын ескерткен. 

“Біз жағдайдың бұлай өзгеретінін күткен жоқпыз. Оқиғаға өкінеміз. Туған-туыстарынан да кешірім сұраймыз”, дейді зардап шеккен азаматтың әріптестері.

Жәбірленушінің қазіргі жағдайы әлі де өте ауыр күйде.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облыс әкімдігіне келген азамат аймақ басшысымен жеке кездесуін талап еткен, бірақ одан бас тартылған соң әкімдік ғимаратында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді. 

Дәрігерлер әкімдік ғимаратында өз-өзін өртеген ер адам ауыр жағдайда жатқанын хабарлады.