×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын толық өтеп шықты

20.09.2021, 13:30
фото: ашық дереккөзден

ҚР қылмыстық атқару жүйесi комитетi Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің пробация есебінен шығарылғанын растады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«2021 жылғы 1 қыркүйекте С. Н.Ахметов сотталу мерзімін өтеуіне байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробация есебінен шығарылды. Қазір белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу түріндегі қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр», - деді комитеттің баспасөз қызметі.

2015 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы премьер-министр С.Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарды. Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталды. Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды. 2015 жылғы желтоқсанда Серік Ахметовтің мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот оны сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп тапты.

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылғы 14 наурызда жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Ахметов мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 2,2 миллиард теңге төледі. Нәтижесінде сот оның бас бостандығынан айыру мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты. Ол Қарағанды ​​облысының Қарабас ауылындағы АК159/18 колониясында жазасын өтеді. 2017 жылғы қаңтарда кешірім жарияланып, Серік Ахметовтің мерзімі қысқартылды. Жазаның өтелмеген бөлігі ширекке қысқартылып, бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. 2017 жылғы қыркүйекте Ахметов колониядан босатылды.

Серіктес жаңалықтары