×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Башар Асад Сириядан кетпек болғанда қаза тапқан болуы мүмкін – БАҚ

08.12.2024, 14:40
Башар Асад Сириядан кетпек болғанда қаза тапқан болуы мүмкін – БАҚ
Ашық дереккөзден

Сирия президенті Башар Асад ұшақ апатынан ажал құшқан болуы мүмкін екені айтыла бастады. Оның ұшағы кенеттен радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сирияның қашқын президенті жұмбақ жағдайда қайтыс болуы мүмкін. Агенттік ақпарат көздерінің бірі Асад мінген ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай сигнал беруді тоқтатқанын айтты.

– Ұшақ радардан жоғалып кетті. Транспондер өшірілген болуы мүмкін, бірақ мен ұшақты атып түсіру ықтималдығы жоғары деп есептеймі», – дейді сенімді ақпарат көздері.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

8 желтоқсан күні таңертең Reuters агенттігі сириялық армияның екі жоғары лауазымды офицеріне сілтеме жасап, Асад Дамаскіден кетіп, белгісіз бағытқа ұшып кеткенін хабарлады.

Flightradar 24 хабарлауынша, ұшақ көтерілгеннен біраз уақыттан кейін сигнал беруді тоқтатып, радардан жоғалып кеткен. Оқиғаның егжей-тегжейлері әлі жарияланған жоқ. Ұшақтың жоғалу себептері әлі белгісіз, бірақ кейбір сарапшылар оның атып түсірілуі мүмкін екеніне сенімді.

КЕРЕК ДЕРЕК

Башар Асад соғыс қимылдары күшейіп, Сирия территорияларын көтерілісшілер басып алғаннан кейін қиын жағдайға тап болды. Аймақтағы соңғы оқиғалар оның ықтимал қашуының алғышартына айналды.

Президенттің қаза тапқаны туралы ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

Бұған дейін Хаят Тахрир аш-Шам (HTS) тобы бастаған көтерілісшілер Дамаскті басып алған болатын. Одан кейін Сирия үкіметінің басшысы Мұхаммед Ғази әл-Джалали Сирия халқы сайлаған кез келген басшымен ынтымақтасуға және билікті беруге дайын екенін білдірді.

Қарулы топтар қараша айының соңында Башар Асадтың үкімет күштеріне қарсы кең ауқымды шабуылды бастады. Бірнеше күннің ішінде олар Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоға кіріп, Хама мен Дейр-эз-Зор қалаларын да бақылауға алды.