×
$
444.76
€
495.37
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.76
€
495.37
₽
5.37

Демографиялық антирекорд: Еуропада туу көрсеткіші төмендеп кетті

08.12.2024, 15:47
Демографиялық антирекорд: Еуропада туу көрсеткіші төмендеп кетті
Еuronews.com

Еуроодақ аумағында туу көрсеткішінің антирекорды тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Eurostat мәліметтері бойынша, 2023 жылы ЕО-ның 27 елінде шамамен 3,67 миллион сәби дүниеге келген, бұл сонау 1961 жылдан бергі уақыттағыдан аз, деп жазды батыс басылымдары.

2022 жылы да ЕО-да да туудың рекордтық төмен саны байқалған. Бірақ салыстырмалы түрде алсақ, биыл бұл көрсеткіш 5,5%-ға төмендеген. Бұл халық санын бақылауға алғалы тіркелген ең жоғарғы жылдық демографиялық құлдырау болып тіркелді.

Ал экономистер мұны жаһандық дағдарыстар тізбегімен байланыстырады: пандемия, климаттың өзгеруі және өмір сүру құнының өсуі.

«Қазір жастарға еңбек нарығында, жылжымайтын мүлік нарығында және мүмкін, танысу нарығында өзін орнықтыру бұрынғыға қарағанда қиынырақ», деп атап өтті сарапшы.

Сізге қызық болуы мүмкін