×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Зейнетақы ақшасын шотқа аудармай тұрып, үйді таңдап қойыңыз - БЖЗҚ

15.12.2021, 13:54

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов қазақстандықтарға осындай ақыл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан Отбасы банктегі арнайы шотқа аударылған қаржыны пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарғаны кеше хабарланған болатын. Осы мерзім ішінде азаматтар үй алып үлгере ме? Бұл сұрақ Мәжіліс кулуарында Жанат Құрмановқа қойылды.

«Шынында да бұл оңай процес емес. Бұл біздің құзыреттегі мәселе деуге келмейді. Банктердің міндеті. Бұл мәселемен оператор – Отбасы банк немесе екінші деңгейлі басқа банктер айналысады. Мынаған мән беру керек: БЖЗҚ-ға жүгініп, ақшаны Отбасы банктың арнайы шотына аудармай тұрып, азамат қандай баспана таңдайтынын айқындап, тиісті құжаттарды дайындауы керек. Себебі арнайы шотқа аударылған ақша инвестициялық айналымнан алынып қалады. Ол ақша инвестициялық кіріс әкелмейді. Бұл тұрғыда азамат өз салымын қозғалыссыз қалдырады. Сондықтан азаматтар тиісті құжаттарын дайындап барып қана, арнайы шотқа БЖЗҚ-дағы ақшасын аударғаны дұрыс», - деді ол.

Жанат Құрманов егер осы 20 күннің ішінде азаматтар баспана алуға үлгермесе, қаражат БЖЗҚ-дағы шотына қайта аударылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары