×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

«Майқайың-Алтын» кенішінде жұмысшы жүк көлігінің астына түсіп, қаза болды

«Майқайың-Алтын» кенішінде жұмысшы жүк көлігінің астына түсіп, қаза болды
Фото: ТЖМ

Павлодар облысында "Майқайың-Алтын" АҚ шахтасында 32 жастағы механик жүк тиегіш көліктің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМ ҰСТАЛДЫ?

Полицияның мәліметінше, оқиға 140 метр тереңдікте болған. Арнайы техниканың жүргізушісі ұсталды.

Әлеуметтік желіде тиеу-жеткізу көлігі шахтадағы жұмысшыны басып өтіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Полициямен кейінірек жағдайды растады. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Еңбек инспекторлары да қайғылы оқиғаны растап, кәсіпорында тексеру басталғанын хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов "Майқайыңалтын" кенішіндегі төтенше жағдайдың себебін айтты. Апаттың салдарынан үш құтқарушысы мен бір жүргізуші қаза тапқан еді.