×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды

Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Sputnik / Алекс Шламов

Грузияда Гудаури тау-шаңғы курортындағы үнді мейрамханасынан 12 адамның денесі табылды. Олардың 11-і шетел азаматы. Өлім себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙ

Грузияның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған РИА Новости марқұмдардың денесінде азаптау белгілері болмағанын хабарлады.

Тергеудің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, жабық ғимаратта бөлме жанында генератор орнатылған. Ол кеше нысанға электр энергиясының берілуі тоқтаған кезде қосылған болуы мүмкін, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Мәйіттер екінші қабаттағы жатын бөлмеден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар – мейрамхана қызметкерлері. ІІМ қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оқиға орнында сарапшы-криминалистер жұмыс істеп, жауап алуда. Аталған жайттың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Павлодар облысында "Майқайың-Алтын" АҚ шахтасында 32 жастағы механик жүк тиегіш көліктің астында қалып, қаза тапқанын жазған едік.