Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.
ІЗДЕУ
Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды.
Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
ҮКІМ
Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Сот үкімі күшіне енді.
Бұған дейін полицейлердің қатысуымен көбірек хаттама толтыру туралы видео тараған.