×
495.28
518.41
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
518.41
5.44

Солтүстік Қазақстанда көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлап кетті

Солтүстік Қазақстанда көпір опырылып, жүк көлігі өзенге құлап кетті
Фото: видеодан скрин

Солтүстік Қазақстанның Ғабит Мүсірепов ауданында екі ауылды жалғайтын көпір опырылып түсіп, жүк көлігі өзенге құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға болған жерде түсірілген видео жергілікті skopetro Instagram-паблигінде жарияланды.

Ролик авторының хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні Ғабит Мүсірепов ауданында болған.

Видеодан жүк көлігі суда жатқанын анық көруге болады. Жергілікті аудан әкімдігі жазба астына түсініктеме жариялады.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР МА?

18 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда "Shaсman" автокөлігі жолды қысқарту мақсатында қолдан құрастырылған осы өткелмен өткен. Өткел Бірлік және Нежинка ауылдарының арасында орналасқан, бірақ ресми түрде автожолға жатпайды. Өткел ауыр салмақты көтере алмай, соның салдарынан жүк көлігі аударылып түскен. Ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Мәліметке қарағанда, жүк көлігін өзеннен шығаруға талпынып жатыр. Одан соң өткелді жөндеу жұмыстары басталады. Әкімшілік мәліметінше, көпір құрылысы жобасы дайындалған. Қазір ол мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.