×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Өзбекстан шетелдік туристерге tax free енгізбек

16.12.2021, 22:31
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан билігі елдің барлық туристік қалаларында шетелдік қонақтарға сатып алған затының қосылған құн салығын қайтару жүйесін енгізбек, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейінді ведомстволарға осыған қатысты нақты тапсырма жүктеген.

Өзбекстан Президенті Ташкентте, Самарқанд пен Бұқарада tax free жүйесін енгізу, сонымен қатар қалаларда Duty Free дүкендерін ашу арқылы жеке сауда-саттық көлемін екі-үш есе арттыруға болады деп санайды.

«Шетелдік қонақтардың сатып алған заттарына қосылған құн салығын қайтару жүйесін барлық туристік қалаларда енгізу қажет. Осы үш қаланың мысалында көрсетілген мүмкіншіліктер барлық облыс орталықтары мен ірі қалалар үшін өзекті», - деді Шавкат Мирзиёев.

Серіктес жаңалықтары