Павлодар облысында педагогтардың бірі мектепте оқушының өзіне тіл тигізгені үшін полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Павлодар облыстық Полиция департаменті оқушының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін байқап, оны ұсақ бұзақылық ретінде қарастырды. Тексеруден кейін полиция ата-анасын жауапқа тартты және іс материалдарын сотқа жіберді.
Ұсақ бұзақылыққа қоғамдық тәртіпті бұзу, соның ішінде тіл тигізу, қорлау, зорлық-зомбылық жасау немесе мүлікті бүлдіру жатады. Осы жылы Павлодар облысында ұсақ бұзақылық бойынша 1 268 адам жауапқа тартылды, олардың 51-і – жасөспірімдер.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада мұғалім Facebook-тегі жазбасы үшін сотта жеңіліп, өтемақы төлейтінін жазған едік.