×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Әйгілі Alibaba Қазақстанға салық төлейтін болды

21.12.2024, 13:48
Әйгілі Alibaba Қазақстанға салық төлейтін болды
pymnts.com

Осы және өзге де мәселелер Alibaba International және ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Alibaba International Digital Commerce Group компаниясы өкілдерінің кездескені жарияланды.

“Кездесу барысында МКК мен Alibaba International цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды”, делінген ресми хабарда.