×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Доллар теңгеге шаққанда бүгін тағы күрт арзандады

24.12.2024, 16:05
Доллар теңгеге шаққанда бүгін тағы күрт арзандады
Ulysmedia коллажыс

Доллар Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 515,89 теңгені құрады. Америкалық валюта 7,47 теңгеге арзандады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жаңа жылдық мерекелер доллар бағамына қалай әсер ететіні туралы айтқан болатын. Ал 21 желтоқсанда Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.