×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Ақтаудағы ұшақ апаты: Azerbaijan Airlines бірқатар рейсті тоқтатты

25.12.2024, 20:40
Ақтаудағы ұшақ апаты: Azerbaijan Airlines бірқатар рейсті тоқтатты
Азамат Сарсенбаев / Reuters

Әзербайжан әуе жолдары (AZAL) Баку-Грозный-Баку және Баку-Махачкала-Баку бағыттары бойынша рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай шешім Ақтау қаласының маңында болған Embraer ұшағының апатын тергеуге байланысты қабылданды, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

«Azerbaijan Airlines Баку-Грозный-Баку және Баку-Махачкала-Баку бағыттары бойынша рейстері тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды», - делінген AZAL хабарламасында.

Бұл ретте әуе компаниясы басқа бағыттарға рейстер қалыпты режимде орындалып жатқанын атап өтті.

АПАТ ТУРАЛЫ

Еске сала кетсек, бүгін 25 желтоқсан күні Баку – Грозный рейсін орындаған әзербайжандық Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайына жақын маңда апатқа ұшырады.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев және Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ үкіметтік комиссия мүшелері ТЖ орнына келді. Сонымен қатар Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаладдин Фаттах оглы Гейдаров ТЖ орнында.