×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаждың 5 мүшесінің 3-і аман қалды

25.12.2024, 21:38
Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаждың 5 мүшесінің 3-і аман қалды
ТЖМ

Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағын басқарған экипаждың 3 мүшесі тірі қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.

– Өкінішке қарай, екі пилот – Әзербайжанның екі азаматы қайтыс болды. Бірақ үш персонал тірі. Біз олармен байланыстық. Олар бізге жағдайдың қалай болғанын сипаттап берді, – дейді Әзербайжан қоғамдық телевидениесінің журналисі Мурад Гусейнов.

Мурад Гусейнов сонымен қатар, Қазақстан тарапына алғыс білдірді. 

– Осы оқиға болғаннан кейін азаматтарды құтқаруға бірінші асыққан адамдарға, адамдарды құтқарған қызметкерлерге, медиктерге алғыс айтамыз. Қайғы келген сәтте қаз-қатар тізіліп, қан тапыруға келген азаматтарды көрдік. Мұның бәрі Әзербайжан мен Қазақстан азаматтары, әзербайжандар мен қазақтар қаншалықты бір-біріне жақын екенін көрсетеді. Біздің достығымыз өте берік екенін көрсетеді. Екі елдің басшылары – Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев бір-бірімен әрдайым байланыста отыр. Осындай төтенше жағдайлар кезінде ғана емес, жалпы Әзербайжан мен Қазақстан арасында достық қарым-қатынас бар. Барлығына, Астанадағы Әзербайжан елшілігінің алдына келген азаматтарға да мың алғыс! Әзербайжан мұндай бауырлас қарым-қатынасты ұмытпайды», - дейді ол.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзербайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзербайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.