×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Пермь университетіндегі атыс: оқ атқан жас жігіт ауруханада көз жұмды

20.09.2021, 17:52
ашық дереккөз

Пермь университетінде травматикалық қарудан оқ атып, 8 адамды ажал құштырған жігіттің өзі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ulysmedia.kz хабарлайды.

РЕН.ТВ-ның Telegram-каналында Пермь университетінде қарудан оқ атып, 8 адамды өлтірген 18 жастағы жігіт ауруханада ота жасау барысында көз жұмғаны хабарланды. Ол ұсталған кезде кеуде тұсы мен санынан жарақат алған. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізіліп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. оның көз жұмғаны туралы ақпарат тексерілуде.

Еске сала кетсек, 20 қыркүйек күні таңғы уақытта болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, оққа тиіп қаза тапқандардың саны сегізге жеткен.  

Серіктес жаңалықтары