×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болғаны расталды – Euronews

26.12.2024, 17:55
Ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болғаны расталды – Euronews
Ulysmedia коллажы

Euronews Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде.

“Дереккөздер мәліметінше, зымыран Грозный үстінде дрондарға қарсы шаралар кезінде 8432 рейсіне бағытталған, зымыран ұшаққа жақын жерде жарылып, оның сынықтары жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген” делінген хабарламада.

Үкімет өкілдері Euronews-ке берген мәліметте, зардап шеккен ұшақтың ұшқыштары авариялық қону жасауға рұқсат сұрағанына қарамастан, Ресей әуежайларында қонуға мүмкіндік берілмегенін және ұшаққа Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына қарай ұшуға бұйрық берілгенін айтқан.

Сондай-ақ ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінде ұшу барысында толықтай бұғатталғаны айтылады.

Мұндай тұжырымды бұған дейін де әлемдік медиалар жазған.

Мәселен, германиялық BILD басылымы ұшақты Ресей күштері шатасып атқан болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Сондай-ақ Настоящее время басылымы ұшақ ресейлік зениттік зымыран кешендері соққысының салдарынан апатқа ұшырады деген нұсқа қаншалықты рас я өтірік екені туралы материал жариялаған.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.