×
529.7
545.96
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.7
545.96
5.17

Мұғалімдерді мектепке қабылдау ережесі өзгерді: нендей жаңалық бар

30.12.2024, 14:17
Мұғалімдерді мектепке қабылдау ережесі өзгерді: нендей жаңалық бар
ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бірлескен бұйрық шығарды. Құжатта мұғалімдерді мектепке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілгені жазылған, деп жазады Ulysmedia.kz.

МҰҒАЛІМ ЖҰМЫСҚА ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Тиісті ережелер online.zakon.kz порталында жарияланды.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату ережелеріне сәйкес, педагогтер білім беру ұйымдарына "Педагогті жұмысқа қабылдау модуліндегі" ұлттық деректер базасы арқылы қабылданады. Алайда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда педагогтер жұмысқа қағаз жүзінде қабылдана береді.

ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ

Мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектер (GPA) оқуды 3,33 балдан жоғары нәтижемен тәмәмдаған жағдайда сертификаттаудан өткені туралы құжаты болса, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады.

Конкурсқа үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

Қандай құжаттар қажет:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат;
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ;
  • лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
  • наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
  • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • ағылшын тілі педагогтары лауазымына орналасуға үміткерлер үшін: пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificatein English Language Teachingto Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл;
  • Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша кемінде екі жыл өндірісте жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
  • Осы қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  • жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыныс хат.

Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

білім беру ұйымының және (немесе) білім беруді басқару органының әлеуметтік желілерінің интернет-ресурсында және (немесе) ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
үміткерлердің құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.  

Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидат жинаған балдар негізінде қабылдайды.

БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

Ең көп бал жинаған үміткер конкурстан өткен болып есептеледі. мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.

Кандидаттардағы балдар саны тең болған кезде конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, оның нәтижелері бойынша тағайындауға кандидат айқындалады.

Конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін конкурс жеңімпазына шешім қабылдау үшін 24 сағат беріледі.

Бос лауазымға кандидат анықталмаған кезде оқу жылының басында оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог немесе қоса атқарушы педагог қабылданады.

Бос сағаттар саны 8 сағаттан аспаған жағдайда, оқу жүктемесі бір жарым ставкасы бар (мемлекеттік білім беру ұйымы басшысын, басшысының орынбасарын қоспағанда) кемінде екі-үш педагог арасында сағаттарды бөлуге жол беріледі.

Ережелер 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.