Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында Муниса Шодиева Еуразиялық банктің директорлар кеңесінен кеткені туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Биржаның мәліметінше, Шодиева өз еркімен кетіп қалған.
– Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Еуразиялық банк" АҚ директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ол банктің директорлар кеңесіне 2024 жылдың қазан айының басында ғана кірген.
ОЛ КІМ
Өзбек миллиардері Патох Шодиевтің қызы кейде медиа алаңның назарында жүреді. Мысалы, 8 жыл бұрын өзбек ханымы жайлы жазған ВВС ақпаратына сәйкес, 40 жастағы Муниса Шодиевада Бельгия азаматтығы болған. Ол сондай-ақ Лондонда ұзақ жылдар бойы өмір сүрген. Британияның Оңтүстік-Хэмптон университетін заң мамандығы бойынша бітірген.
Муниса Шодиева температураны бақылайтын қоймада бай әйелдердің киімдері мен аксессуарларын сақтауға мамандандырылған Vauit компаниясын ашып, бизнеспен айналысқан. Шодиеваның клиенттері арасында Виктория Бекхэм және Гвинет Пэлтроу сияқты танымал әйелдер бар. Британдық "Стилист" журналы жазғанымен, Шодиеваның жеке гардеробы Голливуд актрисасы Сара Джессика Паркерден кем түспейді. Компанияның клиенттері оған киімдерін сыйға тартады.
Бұдан басқа, 2014 жылға дейін Муниса Шодиева Лондондағы әкесінің компанияларында жұмыс істеген. ENRC Инвестициялар және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болған. Бұған дейін ол CIM Global AG вице-президенті қызметін атқарды.
Патох Шодиевтің ұлты өзбек. Джизактан шыққан, МГИМО-ны бітірген, Ресей СІМ Дипакадемиясында диссертация қорғаған және саяси ғылымдар докторы дәрежесін алған.