Әзербайжан қорғаныс министрлігі шекарадағы позицияларына Армения оқ жаудырғанын хабарлады. Алайда Армения тарапы мұндай ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӘЗЕРБАЙЖАН ТАРАПЫ НЕ ДЕЙДІ
Әзербайжан бірқатар бұқаралық ақпарат құралы қорғаныс министрлігінің мәліметін келтіріп, кейінгі бірнеше күнде Лачинск ауданының Забух елдімекенінің шекарасындағы позицияға оқ атылғанын жазады.
5 қаңтарда сағат 22:00-ден 22:10-ға дейін Горусск ауданының Дых және Ханазах елдімекендерінің бағыттарында орналасқан Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзербайжан армиясының Лачинск ауданындағы Забух және Джагазур елдімекендерінің маңындағы позицияларына оқ жаудырды, - деп хабарлайды Minval.
Шекарадағы жағдай шиеленісті болып қалып отыр.
АРМЕНИЯ ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ
Әзербайжан қорғаныс министрлігінің оқ жаудырды деген хабарламасы шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады Армения қорғаныс министрлігі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян мен Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов келіссөз жүргізілген болатын.