×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жапониядан келген ғарыш туристері Қазақстанға қонды

20.12.2021, 09:30
Фото: ria.ru

Жапониядан ғарыштық туристер отырған «Союз МС-20» ғарыш кемесі Қазақстан даласына қонды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, бортында ғарыш туристері Юсаку Маэдзава мен Эдзо Хирано, сондай-ақ ғарышкер Александр Мисуркин отырған ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан оралып, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148 шақырымдық жерге қонды. Экипаж 19 желтоқсанда түнде станциядан шықты. Нұр-Сұлтан уақыты сағат 8:18-де ғарыш кемесінің жерге қонды.

Жапон кәсіпкері Маэдзава мен оның көмекшісі Едзо Хирано YouTube желісіндегі қолданушылар ұсынған әрекеттердің ішінен 100-ін таңдаған. Сол әрекеттердің бірі – ғарышқа ұшу. Ол тізімдегі тапсырманың қалай орындалғанын түсіріп,  YouTube-ке жариялады. Жапондықтар да ресейлік ғалымдардың тапсырысы бойынша ағзадағы қан ағымының қозғалысын зерттейтін «ЛАЗМА» зерттеуіне қатысты. Сондай-ақ, нөлдік гравитациялық бадминтон турниріне станцияның барлық дерлік экипажы қатысты.

Туристік экипаж кеткеннен кейін станцияда ресейлік ғарышкерлер Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, америкалық Марк Ванде Хай, Раджа Чари, Кайла Бэррон және Том Маршберн, сондай-ақ Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, неміс Маттиас Маурер қалды.

Серіктес жаңалықтары