Ойын кейіпкерлерінің бейнесін АҚШ президенттеріне ауыстырған ұйымдастырушылардың басы дауға қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы ixbt.games мәлімдеді.
ДОНАЛЬД ТРАМП ПЕН ДЖО БАЙДЕННІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ
Бір айда 500-ден астам мод туындатқан Marvel Rivals қақтығыстың ортасында қалды. Осыдан кейін, кейіпкердерді алмастырған Дональд Трамп пен Джо Байденнің модификацияларын алып тастады. Бұл әрекет пайдаланушылар арасында толассыз эмоция тудырды.
ТРАМП ПЕН БАЙДЕННІҢ БЕЙНЕСІ ҮШІН ҚОРҚЫТТЫ
Nexus Mods иесі жабық әңгіме де TheDarkOne лақап атымен осы шешімін түсіндіріп берді. Негізсіз айыптаудан сақ болу үшін Трамп пен Байденнің бейнесін бірден жойғанын атап өтті.
«Біз Байден модын Трамп модімен бір күндеалып тастадық. Бірақ неге екен белгісіз блогерлер бұл туралы үндемейді».
Мәселе мұнымен аяқталмаған. Ресурс иесі модульдер жойылғаннан кейін біреулердің оны қорқыта бастағанын хабарлады.
«Бүгін бізге өлім қаупі төніп тұр. Осы мәселені өршіту мақсатында педофил сындыбылапыт сөздермен бізді қорлауда», деп қосты TheDarkOne.
Еске сала кетейік, Nexus Mods жүйесіндегімодтарды жоюға туған дау бірінші рет емес. Мысалы, 2022 жылы платформа кемпірқосақ жалауларын америкалық тумен ауыстырған модты алып тастаған.