Сәрсенбіде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өзгеріп, бір доллар үшін 527,14 теңге деңгейінде бекітіліп, 0,33 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшыларының айтуынша, импортқа, сыртқы борышқа және шетелдік қызметтерге ақы төлеу үшін шетел валютасына сұраныс ірі кәсіпорындардың экспорттық валюталық түсімін сату және Ұлттық қордан қаражатты айырбастау есебінен (қаңтарда 750-850 млн доллар) толық жабылған.
Сондай-ақ доллардың жоғары бағамы жыл басында валютаға деген ерекше жоғары сұранысты әлсіретуі мүмкін, - деп есептейді ҚҚҚ.
ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ
Былтыр 28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.
Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.
Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.