×
524.75
540.6
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.75
540.6
5.12

Мұхтар Мағауин Америкада жерленеді

Мұхтар Мағауин Америкада жерленеді
instagram.com/qasymkitap

Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ІТ саласындағы маман Тимур Бектұр жазды.

"Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай:

  • қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады,
  • қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі.
  • жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді", - деді ол.

МҰХТАР МАҒАУИН ЖАЙЛЫ

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыста, ал 1988-2006 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Көркем прозаға көбірек ден қойды. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997). «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019) атанды.

17 ЖЫЛ ШЕТЕЛДЕ ТҰРДЫ

Мұхтар Мағауин 2007 жылы Чехияға көшті. Астанасы Прагада алты жылдай тұрды. Кейін АҚШ-қа қоныс аударды. Түркияда да уақытша тұрды. 2008 жылы “Шыңғыс хан” романын жазуға кірісті. Жазушы Шыңғыс хан түрік тайпасының қият руынан шыққан деп есептейтін.

Жазушының билікті өткір сынаған кездері бар. 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасы кезінде “Қан төгілді” деген атаумен мақала жазып, “менің балаларым мен немерелерім – кеудесінде намысы бар ұлдарым мен қыздарым қызыл қанға боялып жатыр” деп, Назарбаев жүйесіне наразылығын жеткізді. Бертін “Халық үні” басылымына берген сұхбатында «Елін жерімен қосып сатып жіберген патша бізге ғана бұйырды» деп бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевты өткір сынға алды.

Мұхтар Мағауин жары Бақытжамалмен төрт ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан жиырма шақты немере, бес-алты шөбере сүйді.