×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Келімбетовтің күйеу баласы әрі «Дикий» Арманның досы – Дубайдағы қаржы пирамидасы басшысын кімдер тонады

Бүгін, 20:34
Келімбетовтің күйеу баласы әрі «Дикий» Арманның досы – Дубайдағы қаржы пирамидасы басшысын кімдер тонады
Orda.kz

Жаңа жылға қараған түні Дубайда Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушы Эдвард Сабировқа шабуыл жасалды. Ulysmedia.kz Сабиров және оған қатысы бар азаматтар туралы Orda.kz әзірлеген журналистік зерттеуді ұсынады.

Эдвард Сабиров миллиондаған долларлық алаяқтық әрекеттерімен танымал, бірақ тоналғанға дейін Дубайда алаңсыз өмір сүріп жатты. Orda.kz редакциясы осы іс бойынша бірнеше күн бұрын ұсталған екі күдіктіден бөлек тағы бірнеше фигуранттың барын білді. Олардың ішіндегі біреуінің кім екені көп сұрақ туғызып, көпшіліктің назарын өзіне аудара бастады. Өйткені ол салмағы басым бұрынғы саяси қайраткер Қайрат Келімбетовпен, қылмыс әлемінің серкесі атанған Арман Жұмагелдиевпен және елінде қалған миллиардтаған қарыздарға қатысы бар.

СӨЗ БАСЫ

Қаңтар айының басынан бері түрлі ақпарат көздері тонаудан кейін екі ер адам – ​​Анорбек Түймебаев пен Есболат Кенжеғазы Ресейден ұшып шықпақ болған кезде ұсталғанын жарыса жазды. Олардың бірі Внуково әуежайында, екіншісі Домодедовода қолға түсті. Қазір оларды қарулы шабуыл жасалып, 327 мың доллар ұрланған жер – БАӘ-ге қайтару мәселесі пысықталып жатыр. Бір қызығы, ұсталғандардың өзімен бірге ақшасы болмаған. Күдіктілер БАӘ-ден кетпей тұрып-ақ оларды криптовалютаға айналдырып үлгерген көрінеді.

Енді тарихта жаңа есімдер пайда болды: Жанболат Серіков, Дамир Мұратов, Ернұр Алмахан, Нұржігіт Қалыбеков және Абзал Төкен. Бұл адамдардың кім екені басылымға белгілі болған. Өйткені мемлекеттік органдар болып жатқан жағдайға көз жұма қарап, ешқандай түсініктеме бермей, тіпті “ресми түрде” жалтарма жауап та берер емес.

Басты күдікті – байланыстары көп қарызы бар магнат па

Басылым дереккөзіне сүйеніп, қаржы пирамидасының басшысына жасалған шабуылды ұйымдастырушы – Жанболат Серіков екенін жазады. Ол 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген, бірақ Алматы қаласының элиталық ауданында тұрғылықты тіркелген. 23 желтоқсанда ол Дубайға ұшып барып, 3 қаңтарда Ыстамбұлдан келген бетте Бакуде қолға түскен.

Басылым материалдың басты кейіпкерімен жақынырақ «танысуды» жөн көріп, нәтижесінде оның бүгінде үш миллиард теңгеден астам қарызы бар екеніне көз жеткізген. Ол «Bank Freedom Finance» компаниясына – 90 миллион, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға – 800 миллионнан астам және «ForteBank» АҚ-ға 2,3 миллиард теңге төлеуі керек. Сондықтан оған жоқ дегенде 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Қазақстаннан шығуға тыйым салынған. Осыған байланысты сұрақ туындайды: күдікті елде бір жылдан астам уақыт болмаған, соған байланысты бүкіл әлемді емін-еркін шарлап жүре ала ма? Әлде 2023 жылдан кейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті ме?

Фото: Orda.kz  

Сондай-ақ ашық дереккөздерден Жанболат Серіковтің «Кристалл» түнгі клубының иесі екендігі туралы ақпаратты табуға болады. Бір қызығы, 3 146 321 314 теңге көлеміндегі бүкіл қарыз осы кәсіпке таңылған. Клубтың заңды мекен-жайы көрсетілмеген, бірақ әңгіме «Нурлы Тау» бизнес орталығында орналасқан алматылық караоке туралы болуы мүмкін.

Сонымен қатар Серіков соңғы жылдары алматылық ипотекалық компаниямен және «Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан» микроқаржы ұйымымен бірнеше рет соттасқан. Сондай-ақ kompra.kz сайтында күдіктімен аты-жөні ұқсас Жанболат Серікұлы Серіковтің Орал қаласындағы букмекерлік кеңсені, «ЭкоЦентр Банк» (Банк ЦентрКредиттің еншілес ұйымы), «Гражданпромстройюг» ЖШС және «RR-Service» ЖШС, «Берцель» ЖШС, «Трест Шахцпецстрой» АҚ, «Universal Customs Services» ЖШС сияқты тағы 10 компанияны басқарғаны көрсетілген. Қазіргі таңда кейбір компаниялар жойылған.

Қомақты қарыздардан басқа Серіковтың өмірбаянында тағы бір қызықты жайт бар – оның отбасы мен достық байланыстары. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол бұрынғы вице-премьер, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетовтің күйеу баласы болып келеді. Серіковтың бұрынғы шенеуніктің қызы Шынар Нематовамен шаңырақ құрғаны көрсетілген. Интернетте ол туралы мардымды мәлімет жоқ. Тек белгілісі, 33 жастағы әйелдің сәнді кештер мен таныстырылымдардан қалмайтыны анық. Нематованың онысы туралы сән сайттары үнемі жазып тұрады.

Фото: Orda.kz

Нематованың жеке парақшасындағы сипаттамада оның екі баласы бар екені жазылған. Бірақ оның Instagram профилі жабық тұр.

Фото: Orda.kz

Сондай-ақ тергеуде жатқан Арман Жұмагелдиевтің Жанболат Серіковтің досы екені де белгілі болды. Олар шетелде және Қазақстанда кем дегенде бірнеше рет кездескен. Дикий Арман қаржы пирамидасының қашқын басшысын қорғап, оның міндеттерін еске салуды ұйғарған деген де нұсқа бар. Дегенмен нақты себептерін тергеу амалдары анықтауы керек.

Достар туралы айтар болсақ: 2014 жылы режиссер Ақан Сатаев қазақ-америкалық «Хакер» триллерін түсірді. Жанболат Серіков фильмнің бас продюсері болып, қаржыландыруға жауапты болды. Фильмнің бюджеті екі миллион долларды құрады, бірақ ол прокаттық айналымнан небәрі 11 000 доллар ғана жинай алды.

Өзге күдіктілер туралы белгілі жайттар

Фото: Orda.kz

Тұтқындалғаны туралы бәрімізге бірінші белгілі болған Есболат Кенжеғазы 1995 жылы туған, Ақтөбе облысында тіркелген, көгілдір отынның көтерме саудасымен айналысқан көрінеді. 17 желтоқсанда Алматыдан Абу-Дабиге ұшып кетіп, 1 қаңтарда Мәскеуде ұсталған.

Дамир Мұратұлы – 1986 жылы туған Түркістан облысының тумасы. Ол 2 қаңтарда Түркияда ұсталды. Оның да жеке тұлға ретінде – Kaspi Bank-ке 386 мың теңге, Forte Bank-ке 16 мың теңге және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға 30 мың теңге қарызы бар. Оған 2018 жылдан бері елден шығуға тыйым салынған.

Сондай-ақ Дамир Мұратуланың алты миллион теңге қарызға батқан Holding Ivica Project компаниясы бар, Талапкер – «Кока-Кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорны» ЖШС.

Анорбек Түймебаев – 1999 жыл Өзбекстанда туған, Алматы қаласында тіркелген. Түймебаев заңсыз иммигрант ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен кіру/шығу бақылауына алынды. Оның сыбайластары сияқты Қазақстанда да қарызы бар. Банктерге 25 миллион теңгеден астам, мемлекетке екі жүз мыңдай теңге қарызы болған. Иелігінде Алматыда дайын тағамды тапсырыспен жеткізетін жеке кәсіпкерлігі бар. Оған 2024 жылдың мамыр айынан бастап елден шығуға тыйым салынған.

Ернұр Алмахан 2003 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыдан Дубайға 2024 жылдың қыркүйегінде ұшып кеткен.