×
528.52
539.14
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.52
539.14
5.17

Шетелден тауарды тапсырыспен берсең келмейді – халықтан көп шағым түсіп жатыр

Бүгін, 10:31
Шетелден тауарды тапсырыспен берсең келмейді – халықтан көп шағым түсіп жатыр
Ulysmedia коллажы

Үкімет отырысында электронды сауда мәселелері талқыланып жатыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев шетелден тауарға тапсырыс бергенде ол келмей қалатын мәселелерді реттеу қиын екенін мойындайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ ДЕП ЕДІК...

Шаққалиевтің айтуынша, 2023 жылы шетелдік платформаларда жасалған сауда көлемі 1,3 миллиард АҚШ долларын құраған. Бұл елдегі жалпы онлайн-сатылымның шамамен 20%-ын құрайды. Кейінгі үш жылда бұл көрсеткіш 90% артқан.

Біз бұл жағдайдың тұтынушылар үшін қызмет көрсету сапасын, тауарлар ассортиментін және бағаларды жақсартуға ықпал етеді деп күткен едік. Алайда трансшекаралық онлайн-сауданың дамуы тұтынушылардың шетелдік маркетплейстерге қатысты шағымдарының артуына апарып соқты. Мұндай мәселелер шетелдік маркетплейстер мен сатушылар Қазақстан юрисдикциясынан тыс жерде орналасқандықтан туындап отыр. Бұл өз құқықтарын толықтай қорғай алмайтын тұтынушылар үшін қауіп-қатерлерді тудырады. Елдер арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, тауарларды қайтару немесе айырбастау талаптарын орындау мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар, шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар сертификаттау рәсімінен өтпейді, бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қауіп төндіреді, – дейді министр.

Шаққалиевтің айтуынша, бұл мәселелерді заңнамамен реттеу қажет.

СОНДА МИНИСТР НЕ ҰСЫНАДЫ

Сауда министрлігінің мамандары шет елдердің заңнамалық базасына талдау жасаған. Халықаралық тәжірибе кешенді тәсілдерді қолданылатынын көрсеткен. Бұл тәсілдер коммерциялық ортаның қауіпсіздігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін платформалар мен тауарларға қатысты кешенді талаптарды енгізуді көздейді. Авторлық құқықты бұзу, сапасыз және қауіпті тауарды сату сияқты мәселелер бойынша салық заңнамасында «қатаң» талаптар енгізіліп жатыр.

Министрлік халықаралық тәжірибені және қазіргі жағдайды ескере отырып, электронды сауданы реттеу және дамыту бойынша келесі тәсілдерді ұсынады:

  • тұтынушылардың құқықтарын және жеке деректерін қорғау;
  • тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасы;
  • адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық және шетелдік маркетплейстер үшін тең жағдайлар жасау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, келесі шаралар ұсынылады:

  • Шетелдік платформалардың жұмыс істеуі үшін міндетті шарттарды енгізу, оларды отандық платформалармен теңестіру;
  • Тауарлардың қауіпсіздігі және контрафактімен күресу;
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • Еуропа Одағындағы тәжірибені ескере отырып, шетелдік интернет-платформалар мен дүкендерді тіркеу үшін электрондық платформаны енгізу;
  • Импорттаудың кедендік рәсімдерін жеңілдету және фискалдық емес алымдарды оңтайландыру;
  • Электрондық сауда субъектілеріне арналған арнайы салықтық режимдерді енгізу, салықтық реттеу оңтайландыру;
  • Қоймалық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
  • В2В форматындағы электрондық сауданы дамыту және нарықтарды цифрландыру.