×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Пермь университетіндегі атыс: оқ атқан студент тірі болып шықты

21.09.2021, 00:32
ашық дереккөз

Университетте оқ атып, 8 адамды өлтірген 18 жастағы Тимур Бекмансуров тірі және жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Mash  Telegram-каналының хабарлауынша, бұл ақпаратты тергеу комитеті растады.

Ашық дереккөздердің мәліметінше, оның денсаулық жағдайы өте ауыр. Қашпақ болған кезде кеудесі мен санынан жарақат алған. Қазіргі уақытта ес-түссіз жатыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бұған дейін оның жарақат алып, көз жұмғаны туралы жазылған болатын. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу комитетінің хабарлауынша, оның қолынан қаза тапқандар саны сегізге жеткен.

Серіктес жаңалықтары