×
529.7
545.96
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.7
545.96
5.17

АҚШ қырғызстандық банкке санция жариялады

АҚШ қырғызстандық банкке санция жариялады
fintech-retail.com

АҚШ Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департаменті Украинадағы соғысқа байланысты енгізілген санкциялар тізімін көбейтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz АҚШ-тың қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

ТІЗІМДЕ БІРНЕШЕ АЗАМАТ БАР

Санкция тізіміне Ресей, Түркия, Германия және Қытайдың 16 азаматы, сондай-ақ РФ, ҚХР, Түркия, БАӘ және Қырғызстаннан бірқатар заңды тұлғалар енгізілді. Атап айтқанда, шектеулерге АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, кем дегенде 2024 жылдың жазынан бері ресейлік лауазымды тұлғамен және АҚШ-тың санкциялар тізіміндегі ресейлік «Промсвязьбанкпен» санкциялардан жалтару схемасын жүзеге асыру үшін әрекеттерін үйлестірген қырғызстандық «Керемет Банк» ілікті.

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Ресми мәлімдемеде 2018 жылы Ресей билігінің «Промсвязьбанкті» мемлекет меншігіне алып, оны елдің қорғаныс секторын қаржыландыруға бағыттағаны айтылған. АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қырғызстан Қаржы министрлігі «Керемет Банкінің» бақылау пакет акцияларын ресейлік үкіметпен байланысы бар олигархқа жақын компанияға сатқан.

- Керемет Банкінің» сатып алынуы Ресейге импортты төлеу және экспорттан түсетін төлемдерді алу үшін санкциялардан жалтару орталығын құру мақсатында жүзеге асырылған, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, санкциялар тізіміне енген ресей-молдовандық олигарх Илан Шордың да «Керемет Банкінің» санкциялардан жалтару схемасындағы рөліне қатысты талқылауларға қатысқаны атап өтілген.