ҚазАвтоЖол екі өңірде жол жабылғанын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АБАЙ ОБЛЫСЫ
17 қаңтар сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан айналма жолы - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы" автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Сонымен қатар, 17 қаңтарда сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдарды 18 қаңтарда сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
17 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысы) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 18 қаңтарда сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
АУА РАЙЫ КҮРТ СУИДЫ
Бүгін синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы күрт суитынын хабарлаған болатын.
БОЛЖАМ
Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.
ӨҢІРЛЕР
18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын күтіледі.
Қатты қар 20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарындада күтіледі.
АУА РАЙЫ КҮРТ ТӨМЕНДЕЙДІ
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:
Қазгидромет мамандары ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырды.