×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Әскерилердің жастарды армияға мәжбүрлеп алып кетуі заңды ма

22.12.2021, 09:56
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл сұрақты Мәжіліс кулуарында тілшілер Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовқа қойып көрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл сұраққа дайындалып, жауабын берейік», - деп жалтарып көрмек болды алдымен министрдің орынбасары.

Алайда тілшілер бұл жауапқа қанағаттанбай сұрақты қайта жаудыртты. «Бұл заңды ма?» деген сұраққа былайша жауап берді.

«Жас жігіттерге әскерге бару маңызды. Ойлану керек. Өзінің Отанын қорғауы керек. Оны біз бәріміз түсінуіміз керек. Бір жағынан жастар қазір мүмкін цифрлық жақты ойлап кетеді. Өз Отаны, шекарасы барына мән бермейді. Менің ойымша, жастармен осындай жұмыс жүргізу керек», - деді ол.

Анық жауап бермеген вице-министрге тілшілер сұрақты үшінші рет қойды.

«Армияға алудың өз тәртібі бар. Бәрін бірақ алып кетпейді. Жастар уақытында келмесе, процедуралардан өтпесе, қашып жүрсе, сондай балалар шығар. Әр жағдайды жеке зерттеп, құқықтық жағын қарау керек», - деді ол.

Вице-премьерге әскердегі өлім-жігіт жағдайлары, суицид оқиғаларына байланысты ата-аналар армияға баласын жібергісі келмейтіні туралы тілшілер мәселені ескертті. Алайда бұл проблеманы Дарын Тұяқов алдымен жергілікті атқарушы органдар шешіп, балаларды жасынан үйрету керектігін айтты.

«Біз қазір шақырылушының цифрлық бейінін әзірлеп жатырмыз. Онда жас сарбаздың қай салаға жақындығы, спортқа бейімдігі, математикаға жүйріктігі бәрі енеді. Сонымен қатар, суицидке де бейімдігі бар ма, жоқ па – зерттеледі», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары