Алматы облысының Қарасай ауданында 18 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, облыс тұрғыны 19 қаңтарда Мерей ауылындағы үйінен шығып, қайтадан оралмаған.
ҚЫЗ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Жоғалып кеткен қыз – 18 жастағы Аружан Өмірзақ. Бойы 175–180 см, денесі арықша, шаштары қара, көзі қоңыр. Үйден шығып кеткен күні үстінде ақ күртеше, қара джинс, қара етік пен ақ бас киім болған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтауға бағытталған қажетті шараларды атқарылып жатыр, дейді полицейлер.