×
529.99
546.63
5.21
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.99
546.63
5.21

«Обслуживаем только на русском»: Павлодарда дүкендегі шу сотқа дейін барды

«Обслуживаем только на русском»: Павлодарда дүкендегі шу сотқа дейін барды
ulysmedia.kz коллажы

Павлодарда әкімшілік сот әлеуметтік желіде тараған шулы видео бойынша істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 16 қаңтарда Павлодардағы Лермонтов көшесінде орналасқан дүкенде болған.  

ҚАНДАЙ ХАБАРЛАНДЫРУ

Бұған дейін желіде сатып алушы кетіп бара жатып, артынша қайтып келіп, дүкеннің кіреберісіндегі есікке “тек орыс тілінде қызмет көрсетеміз” («Обслуживаем только на русском») деген хабарландыруды іліп кеткені туралы видео тараған болатын. 

МӘН-ЖАЙЫ

Сот оның әрекетін қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу, өзгелерді сыйламау әрекеті деп таныды.

Павлодарлық әйел кінәсін мойындап, оған тұрғындар куәлік етіп, іске қатысты өзге видеоматериалдар да алынған. Ол ісіне өкінетінін жеткізген. 

Сотта жауап берген сатып алушының сөзінше, ол дүкенге келіп, “дайте, пожалуйста, один фарш” (тартылған ет беріңізші) дегенінде, сатушы тек орыс тілінде сөйлеуін өтінген. Артынша сатып алушы әйел хабарландыру ілуге мәжбүр болғанын айтады. 

СОТТЫҢ ШЕШІМІ

Сот Павлодар қаласының тұрғынын ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып,оған 55 048 теңге айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.