×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Аккредиттеудің жаңа ережелеріне қарсы журналистер талабы: апелляция шешімі шықты

23.01.2025, 10:53
Аккредиттеудің жаңа ережелеріне қарсы журналистер талабы: апелляция шешімі шықты
Ulysmedia коллажы

Астана сотында бір топ журналистің аккредиттеудің жаңа ережелеріне қарсы талабы апелляциялық сатыда қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АПЕЛЛЯЦИЯ ШЕШІМІ

Журналистер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді заңға қайшы және жарамсыз деп тануды сұраған. 2024 жылы 11 қарашада сот бұл талап қанағаттандырмаған еді.

Апелляция шағымы журналистердің бұрынғы талабы бойынша түсірілген. Журналистер БАҚ-та ғана ақпарат тарату мүмкіндігін белгілейтін ережеде көзделген шартпен келіспеген. 

Олардың пікірінше, осы шартты екі және одан да көп рет бұзу журналисті 6 айға тұрақты аккредиттеуден айыруға апарып соғады, бұл басқа БАҚ-та, онлайн-платформаларда, әріптестерімен, достарымен әңгімеледе (чаттарда) ақпарат таратуға байланысты сөз бостандығы құқығын шектейді. 23 қаңтарда апелляциялық қарау нәтижелері бойынша шешім өзгеріссіз қалдырылды, талапкерлердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, - деп хабарлады сот.

Сот алқасы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап ережені қолданысқа енгізу арқылы талапкерлердің құқықтарын бұзу деректерді анықтамаған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында сот журналистерге мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы талапты қанағаттандырудан бас тартқан еді.

СОТҚА АРЫЗ

Бұған дейін Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қазақстандық тоғыз журналистің мәдениет және ақпарат министрлігінің «Журналистерді аккредитациялаудың үлгілік ережесін» бекіту туралы жаңа бұйрығының ережелеріне қарсы шағымданған ұжымдық талап арызын қабылдаған болатын. Талапкерлер бұл нормативтік құқықтық акт сөз бостандығы мен ақпарат таратудағы конституциялық құқығымызды өрескел бұзады деп есептейді. Басты мәселе – аккредиттелген журналистің мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты журналисті аккредиттегеннен басқа кез келген БАҚ арқылы таратуына тыйым салатын тармақ болып отыр. Бұл шарт екі рет бұзылса, журналист алты айға дейін аккредитациясынан айырылуы мүмкін. Талапкерлердің пікірінше, бұл талап Қазақстан Республикасы Конституциясының 20, 39-баптарына және ҚР «Масс-медиа туралы» Заңына қайшы келеді, олардың ақпаратты еркін алу мен таратуға конституциялық құқығын шектейді.