Air Astana әуе компаниясы Орал тұрғыны Жазира Мусинаға өтемақы ретінде 5 млн теңге төледі. Компания Жазираның қызын Астана әуежайында жалғыз қалдырып кеткен еді, деп хабарлайды Ulysemedia.kz.
АҚПАРАТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ
Адвокат Данилхан Шағатаев Air Astana Орал тұрғынының баласын бөтен қаланың әуежайында қалдырғаны үшін өтемақыны толығымен төлеуге шешім қабылдағанын хабарлады. Жазира Мусина сот шешімі бойынша шығындарды қосқанда 5 млн теңге алған.
Air Astana сот шешімін мәжбүрлеп орындауға жеткізбей толық орындады, - деді ол.
ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ
Шағатаев сондай-ақ бұл жағдай жолаушылар тасымалы туралы заңнамаға өзгерістер енгізуге себеп болғанын атап өтті. Енді бұл сот шешімі осындай жағдайларда балалардың құқығын қорғаудың прецеденті бола алады.
Air Astana жалпы сомасы 8 692 000 теңге шығынға ұшыраған. Оған әкімшілік айыппұл және моральдық зиянды өтеу кіреді. Мүмкін мұндай авиакомпания үшін бұл сома аз шығар, бірақ менің ойымша, бұл да оларға жайсыз, - деп қосты ол.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Зере және Зәуре есімді егіздер былтыр 20 шілдеде АҚШ-тан Орал қаласына Астана арқылы ұшып жетпек болған. Рейске тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері олардың тек біреуін тіркеп, Зерені жалғыз қалдырып кеткен.
Қызметкерлер бұл мәселені шеше алмай, бала Астана әуежайында жалғыз қалып қойды. Осылайша Зере тек келесі күні ұшып кеткен.