Бүгін техникалық ақау болып, мемлекеттік сайттар ашылмай, eGov платформасы уақытша істен шықты. Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов бұған "Қазақтелекомды" кінәлап үлгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ БОЛДЫ
Бүгін Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттары істемей қалды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық іркіліске байланысты бірқатар сервистердің уақытша тоқтап қалғанын хабарлады.
eGov.kz портал пайдаланушылары EGOV Mobile қосымшалары, Ашық үкімет порталы, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы және ҰАТ-тың басқа да жобалары істемей қалғанын байқаған. Компанияның айтуынша, бұл мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық ақау болды.
ТУРЛОВТЫҢ ЖАЗБАСЫ
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов Threads желісінде бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп үлгерді. Ол бұл жағдайға “Қазақтелекомды” кінәлады.
КЕШІРІМ СҰРАУЫ
Артынша Турлов бұл мәлімдемесіне қатысты кешірім сұрады.
- “Қазақтелекомнан” кешірім сұраймын. Менің айтқаным дұрыс емес. Эмоцияға беріліп, жазба жарияламас бұрын дұрыстап тергеу жүргізіп алу керек еді. Ақау "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясынан немесе ресейлік операторлар тарапынан болған шығар. Мұндай мәлімдеме жасағаныма өкінемін, деді Турлов.
МУСИННІҢ РЕАКЦИЯСЫ
Тимур Турловтың бұл мәлімдемесі “Қазақтелекомның” басқарма төрағасы Бағдат Мусинға ұнамай қалды.
- Турлов мырзаны қызметкерлері жаңылыстырғаны өте өкінішті. Мемлекеттік сервистердің қолжетімсіздігі «Қазақтелеком» АҚ-мен байланысты емес, дейді Бағдат Мусин.