Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің 143-ші сессиясы өтіп, онда ХОК президентіне үміткерлердің бәрі өз бағдарламаларын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Спорт басылымдары федерациясының сайтына сілтеме жасап.
Негізі, ХОК президенті сайлауы 20 наурыз күні Грекияда өтеді. Ал жаңа президент өз қызметіне маусым айынан бастап кіріседі. Дәл қазір кандидаттар саны – жетеу.
Тізімге көз жүгіртсек:
Лозаннода әр кандидаттың ХОК сессиясына қатысушыларды өз бағдарламасымен таныстыруларына 15 минут уақыт берілген. Одан кейін олар 10 минуттан журналистердің сұрақтарына жауап берген.
Қараша айында (15-і күні) жеребе тартылып, жеті кандидаттың мінберге (ортаға) шығу реті бекітілген. Сол бойынша, әуелі әл-Хусейн шығып, бұл «сынақты» Коу түйіндепті.
Әу баста Себастьян Коу фаворит саналушы еді. Енді оның қатарына кіші – Хуан Антонио Самаранч қосылғандай. Оның бизнес-моделдерді дамыту жөніндегі ой-жоспарлары көптің көңілінен шыққандай. Әкесі секілді, ХОК-ті қаржылай табысты спорттық ұйымға айналдыра алатындай болып көрінген.
Ал Моринари Ватанабэ ағылшын тіліне шорқақ болып көрінгендей. Әрі «Олимпимада ойындарын бір мезетте бес құрлықта өткізу керек» деген идеясы да түсініксіздеу болған.
Енді, әліптің артын тосамыз. Себебі қазір – Коу 68-де, ал кіші-Самаранч 65-те. Ал ХОК президенті 8 жыл мерзімге сайланады. Содан соң тағы 4 жылға қайта сайлана алады. ХОК хартиясында президенттің жасы 70-тен аспауы керек.