×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Вашингтондағы USAID штаб-пәтері жабылды

Вашингтондағы USAID штаб-пәтері жабылды
Reuters

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) штаб-пәтері жабылып, қызметкерлерге жұмысқа шықпау туралы ескерту жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

USAID-тің Вашингтондағы штаб-пәтері агенттік басшылығының нұсқауымен жабылған. USAID-тің штаб-пәтерінде жұмыс істейтін қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді. Тек негізгі қызмет көрсету міндеттерін атқаратын персонал ғана орнында жұмыс істеуі мүмкін. 

БАСШЫЛЫҚ

CNN-нің мәліметінше, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио USAID директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

- USAID-тің көптеген қызметі сақталады, бірақ олар америкалық сыртқы саясатқа сәйкес болуы керек, - дейді Рубио.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін USAID басшылығында алдағы уақытта өзгерістер болатынын мәлімдеген еді.

- Бұл агенттікке бір топ радикалдар-бассыздар басшылық етеді. Біз оларды жұмыстан босатамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз, - деген болатын Трамп.

USAID азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты. Тәуелсіз агенттіктің жылдық бюджеті 42,8 миллиард доллар.