×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Биыл да су тасыса жауапты министр қызметінен кете ме — өзінің жауабы

Бүгін, 12:26
Биыл да су тасыса жауапты министр қызметінен кете ме — өзінің жауабы
Ulysmedia коллажы

Журналистер сұрақты мәжіліс кулуарында журналистердің өзіне қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Барлық шешімге дайынмын, – деп қысқа жауап берді министр.

СУ МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕДІ

8 қаңтарда су ресурстары және ирригация министрлігі 84 елді мекенді су тасқынынан қорғайтын 56 жобаны іске асырып жатқанын хабарлады

Министрлік көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатындағы жобаны 6 облыс әкімдігімен бірлесіп даярлап жатыр.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

2024 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

Еске сала кетейік, былтыр көктемде Қазақстанның бірнеше аймағында үлкен су тасқыны болған. Апат салдарынан 200-ден астам елді мекен зардап шегіп,17 мың үй су астында қалған. Үкімет мәліметіне жүгінсек, тасқыннан жалпы есепте 300 млрд теңге шығын келген.