×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Қазақстан дрон шабуылынан әуежайларды қорғау амалдарын іздеп жатыр

Бүгін, 15:57
Қазақстан дрон шабуылынан әуежайларды қорғау амалдарын іздеп жатыр
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда әуежайлар үшін дрондарды анықтау жүйесі әзірленеді. Оны дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда ел әуежайларында пилотсыз авиациялық жүйелерге байланысты қатерлерге қарсы тұру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осы бағытта тиісті тапсырма берген.

ӘУЕЖАЙЛАРДЫ ҚОРҒАУ  

Жұмыс тобы әуежайларды дрондарды анықтау жүйелерімен және ықтимал қауіптердің алдын алу шараларымен жабдықтау бойынша ұсыныстар әзірлейді. Отырыстар қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Тапсырманың орындалуын бақылау көлік вице-министріне жүктелген. Бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және тиісті сатыларға жіберіледі.

ДРОНДАР   

Бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстан армиясын дамытудағы басымдықтардың қатарында әскери-көліктік және пилотсыз авиация, арнайы операциялар күштерін, РЭБ, әуе қорғанысы бөлімшелерін даярлау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бар екенін мәлімдеді.