Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиені мерзімінен бұрын төлемес бұрын не істеу керектігі турасында кеңес таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК
Несиені мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға артық төлемді азайтуға және қарызды тезірек жабуға мүмкіндік береді. Алайда төлем жасамас бұрын бірнеше маңызды факторды ескеру қажет деп ескертеді мамандар.
ШАРТТАРДЫ НАҚТЫЛАҢЫЗ
Біріншіден, шарт талаптарын тексеріңіз. Несие алмай тұрып банктен мерзімінен бұрын өтеу шарттарын нақтылаңыз. Қазақстан заңнамасы мұндай жағдайда айыппұл салуға тыйым салады, бірақ бірнеше талап бар:
Сондай-ақ, банк берешекті мерзімінен бұрын өтеу үшін арнайы өтініш талап етпейтінін тексеру қажет.
ҚАРЫЗ СОМАСЫН БІЛІП АЛУ КЕРЕК
Екіншіден, қарыз сомасын нақтылаңыз. Егер мерзімі өткен төлемдер немесе айыппұлдар болса, қаражат алдымен соларды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Күтпеген шығындарға жол бермеу үшін банкке хабарласып, нақты қарыз сомасын анықтаңыз.
БІРІНШІ НҰСҚА ТИІМДІРЕК
Үшіншіден, өтеу әдісін таңдаңыз. Мерзімінен бұрын өтеу толық немесе ішінара болуы мүмкін:
НЕСИЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІН ТЕКСЕРІҢІЗ
Төртіншіден, несие төлеу тәртібін тексеріңіз. Кейбір банктер мерзімінен бұрын өтеуді арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізуді немесе банк бөлімшесінде өтініш жазуды талап етеді. Егер қаражатты жай ғана шотқа салсаңыз, олар несие кестесіне сәйкес есептеліп, қарыз сомасы азаймауы мүмкін.
АНЫҚТАМА АЛЫҢЫЗ
Бесіншіден, несие төленгенін растайтын анықтама алыңыз. Толық өтегеннен кейін, банктен қарыздың жабылғанын растайтын құжат талап етіңіз. Бұл есеп жүргізу кезінде қателіктердің алдын алуға көмектеседі.
Сонымен қатар, кредиттік тарихты бақылау ұсынылады. Несие жабылғаннан кейін, кредиттік бюролардың сайттарында өз кредиттік тарихыңызды тексеріңіз. Егер қате анықталса, банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгініп, растайтын құжаттарды ұсыныңыз. Сондай-ақ, қате деректерді Fingramota.kz сайтындағы «Несие тарихын өзгерту» бөлімінде тегін түзете аласыз. Бұл жоба Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірінші кредиттік бюроның бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылады. Өтінім беру үшін арнайы форманы толтырып, ЖСН мен телефон нөміріңізді көрсету қажет. Бірақ тек соңғы он жұмыс күні ішінде берілген кредиттік есепті ғана түзетуге болатынын ескерген жөн.