Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік бойынша тергеу басталғанын растайды, - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр. Антикор заң шеңберінде өзге де мәліметтер жария етілмейтінін хабарлайды.
СУДЬЯ ЖАЙЛЫ
Сот сайтында Нұрлан Шаймерденов 1979 жылы Талдықорған облысы Қарабұлақ кентінде дүниеге келгені жазылған. Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында маман және сот отырысының хатшысы болып бастаған. Одан кейін Алматы облыстық сотында сот приставы, жетекші маман болып жұмыс атқарған.
2009 жылы Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалып, аталған лауазымды 2021 жылдың қараша айына дейін атқарған. Кейін Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған.