×
515.31
533.96
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.31
533.96
5.3

«Төрт әйелі бар бас имам жайлы» видео таратқан азаматқа 700 мың теңге айыппұл салынды

Бүгін, 14:17
«Төрт әйелі бар бас имам жайлы» видео таратқан азаматқа 700 мың теңге айыппұл салынды
Ulysmedia коллажы

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде Астананың бас имамына жала жапқан азаматтың ісін қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ

Сот құқық бұзушының әлеуметтік желілерге зәулім үй көрсетілген бейнеролик жариялап, ол үйдің халықтың қайырымдылыққа берген қаражаттарына салынғанын, оның Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін айтып, сол арқылы әлеуметтік желілерде ар-намыс пен қадір-қасиетке және басқа адамның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқанын анықтаған.

КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғаны белгісіз екенін түсіндірген. бейнероликті тек көру үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірген. Кінәлі әлеуметтік желілерде жәбірленушінің абыройы мен қадір-қасиетіне және беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқандықтан, сотта жәбірленуші оны заң бойынша жазалауды сұраған.

ЖАЗА

ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігінің санкциясы 180 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді. Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН ВИДЕО

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның зәулім үйді көрсетіп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын баян еткені қызу талқыланған. Әлгі азамат видеоны желіге салып жіберген. Расталмаған ақпарат әлеуметтік желіде көп әңгімеге арқау болды.

Мынаны мен басында мешіт екен деп қалдым. Сөйтсем бұл Астананың бас имамының үйі екен. Мешіт сияқты дәу ғой сұмдық. Ал енді садақа жіберіңдер. Жұма сайын салған садақаларың міне қайда кетіп жатыр. Сұмдық қой мынау. Не деген сарай мынау. Төрт әйелі бар екен. Поворын алып келдім. Сендердің садақаларыңмен жалақасын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды? Аумағын көрсең бір га жерді қоршап алған ғой, – дейді видеоны түсірген адам.

АҚПАРАТ ЖАЛҒАН

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде бұл үйде өзі тұратынын жоққа шығарған еді.

ҮЙДІҢ ШЫН ИЕСІ КІМ

ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде түнде тағы бір видео жариялап, үйдің шын иесімін деген адамды көрсетті.