×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Ольга Әбдіғаппарова үйқамаққа жіберілді

09.02.2025, 09:14
Ольга Әбдіғаппарова үйқамаққа жіберілді
Ulysmedia коллажы

Бірнеше күн бұрын қамауға алынған Ольга Әбдіғаппарова үйқамаққа жіберілді. Ulysmedia.kz тілшісіне мұны адвокаты Мәкіш Есқараев айтты.

Алматы полиция департаменті ақпараты бойынша, сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жұбайы Алматының тұрғын үйден үмітті үлескерлерді алдануына қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық ісі бойынша заңға тартылған.

Үлескерлер ұжымдық арыз түсіргеннен кейін қылмыстық іс қозғалған.

Алматы ПД тергеу басқармасы аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Азамат А күдікті деп танылды, ол Астана қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Ольганың күйеуі – Алмас Әбдіғаппаров 2021 жылы Алматы Esentai city кешенінде жылжымайтын мүлікті сату кезінде ұрлық жасады деген айыппен қамауға алынған. 2022 жылы сот оны кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ulysmediz.kz Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіні "үйқамаққа алу" туралы шешім қабылдағанын білді. Әбдіғаппарованың адвокаты барлық мәмілені Елдос Қоспаев пен оның адамдары жасағанын айтады.

Қоспаев пен оның адамдары Әбдіғаппаровтарға тиесілі "AV Consruction" компаниясын рейдерлікпен тартып алғаны үшін сотталған.

ОЛЬГА ӘБДІҒАППАРОВАНЫҢ ҰСТАЛУЫ

Осы аптада Астанада кәсіпкер Ольга Әбдіғаппарова ұсталғаны хабарланған еді. Ол - алаяқтық жасағаны үшін сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың жұбайы. Алматы полициясының мәліметінше, ол Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің үлескерлерін алдау бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша тергеуден өтіп жатыр. Алматы полиция департаменті Әбдіғаппарованың бірнеше үлескердің арызынан кейін қылмыстық іс фигурантына айналғанын растаған.