Ғалымдар PM (particulate matter) жоғары концентрациясының қысқа әсері адамның зейінін бұзып, алаңдатып, мінез-құлқына теріс ықпал ететінін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗЕРТТЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛДІ
Зерттеу нәтижелерін Nature Communications журналына Бирмингем және Манчестер университеттерінің ғалымдары жариялады. Олар ауа ластанса эмоцияларға теріс әсер ететіні анықтаған.
Эксперимент қатысқан адамдарды ғалымдар екі топқа бөлген: біреуі ластаушы бөлшектердің жоғары концентрациясы бар ауамен (шам түтінімен), екіншісі таза ауамен дем алған. Зерттеушілер олардың танымдық қабілеттерін экспозицияға дейін және төрт сағаттан кейін тексерген.
НӘТИЖЕ
Зерттеудің бірлескен авторы, Бирмингем университетінің докторы Томас Фахерти былай дейді:
Біздің зерттеуіміз бөлшектердің қысқа мерзімді әсерінің өзі супермаркетке бару сияқты күнделікті тапсырмаларды орындау үшін қажетті ми функцияларына бірден теріс әсер ететінін дәлелдейді.
Еске сала кетейік, қаңтар айының ортасында Алматы әлемдегі ең ластанған 126 мегаполистің тізімінде бірінші орында тұр.