×
495.28
538.32
5.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.28
538.32
5.77

Трамп Путинмен сөйлесті. Кремль не дейді

09.02.2025, 14:14
Трамп Путинмен сөйлесті. Кремль не дейді
РИА Новости

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамптың Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Песков "растай да, жоққа шығара да алмайтынын" айтты.

Вашингтондағы әкімшілік өз жұмысын бастаған кезде түрлі коммуникация пайда болады және бұл коммуникациялар әр түрлі арналар арқылы жүргізіледі. Әрине, осы коммуникациялардың көптігі шеңберінде мен бір нәрсені білмеуім мүмкін, бір нәрседен хабардар болмауым мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда мен оны растай да, жоққа шығара да алмаймын, – деді ол.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын Трамп New York Post газетіне берген сұхбатында Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтқан болатын. Оның сөзінше, Ресей президенті "Украинадағы соғыста адамдардың өлімі тоқтағанын қалайды".

Сондай-ақ, Трамп жаңа америкалық әкімшіліктің Украинамен және Ресеймен кеңесу жоспарланғанын айтты.