Атырауда 7 ақпанға қараған түні жантүршігерлік адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
62 жастағы әйелдің туысы оның денесін бөлшектеп, жартысын өртеп жіберген деген күдікке ілінген.
- 62 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен оның 35 жастағы туысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда. Өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, дейді облыстық ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Алматыда да жантүршігерлік қылмыс болған еді. Екі ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі зираттың маңында сөмкеден табылды.
26 жастағы марқұм Айша Хамитті өзі жақын араласып келген жігіті пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін айдалаға апарып тастаған. Қазір полицейлер 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қаскөй кінәсін толық мойындаған, тіпті қызды мәжбүрлеп несие алғызғанын да растапты.